Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі.
Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтерілуі де оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын көрсетеді.
Президент ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс екенін айтқан болатын.
Цифрлы технологияны дамыту үшін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасын іске қосты. Аталған қосымша арқылы кәсіпкерлер тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалмен сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.
Сондай-ақ, кәсіпкер хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін қойылатын талаптармен және көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қорытындысымен таныса алады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң есебiн жүргiзедi. Тексерулерді тағайындау кезiнде заңнама бұзылғаны анықталса, актілерді тіркеуден бас тартады.
Қазір кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз тексерулердің алдын алу үшін ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасы өз құзыретіне сәйкес жұмыстар атқаруда.
Ғ.ТІЛЕУЖАН,
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті облыс бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<