Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасын іске қосып, аталған қосымша қазіргі уақытта қарқынды жұмыс жасауда.
Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады. Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, қағаз үлгідегі актісімен салыстыра алады.
Сондай-ақ кәсіпкер хабарламаны алған соң, талаптарымен таныса алады.
Аяқталған соң, қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.
Ұялы қосымшада тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетіне шағымдану үмкіндігі қарастырылған.
Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілген және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ғ.Тілеужан,
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты
қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<