«Қамқорлық» дағдарыс орталығындағы кездесу

789

0

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» тақырыбында шара өтті.
Шараға полиция, әлеуметтік қорғау, білім, қоғамдық даму салаларының өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар орталық жұмысымен танысып, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына көрсетілетін қызметтерді талқылап, салааралық байланысты нығайту бойынша алда атқарылатын шараларды пысықталды.
Айта кету керек, орталық қызметі Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып келеді.
Шара барысында орталық аналар мен аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<