Қамқорлық құшағында

676

0

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің басшылығы мен ұжымы 2017 жылдан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп келеді.

Қандай мерекеде болсын балалар ортасынан табылады. Бес жылдың ішінде, әсіресе пандемия кезінде азық-түлікке және басқа қажеттіліктерге қаржы бөліп, үнемі қамтамасыз етіп тұрады. Былтыр жазда «Жастар үйінде» тұратын түлектің пәтерінде өрт болғанда оны қалпына келтіру үшін қаражат бөліп, толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен бірге тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына бейімдеу үшін біріккен спорт ойындары өтіп тұрады. Балаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мини-футболдан «Жастар» командасының формасы мен спорт құралдарын алуға демеушілік жасады.

Орталық тәрбиеленушілері Жаңа жыл қарсаңында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің басшылығы мен ұжымына алғыс білдірді. Жасалған қамқорлық үшін барлығы дән риза.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<