Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жектен не үшін бас тартты?

806

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың Страндж кубогындағы жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Страндж рингіне шықпады.⠀

Айта кетейік, 1/4 финалда боксшы Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен, денсаулығын ойлауы қажет», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<