Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

395

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған болжамына сәйкес алдағы күндері облыста жауын-шашынды ауа райы сақталады. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аймақтағы филиалдың бөлім басшысы Айгерім Жөкелова хабарлады.

– Ауа температурасы түнде -3+2°С аяздан -10-15°С аязға, облыстың солтүстігінде -20°С аязға, күндіз +3+8°С, облыстың солтүстігінде 0 градустан 3-8, облыстың солтүстігінде 11°С аязға дейін төмендеуі күтіледі. Екінші онкүндіктің аяғында ауа температурасы аздап жоғарылайды. Үшінші онкүндігінде ауа температурасы ақырындап жоғарылайды деп болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшер шамасында күтіледі. Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында және аяғында, үшінші окүндіктің басында жаңбыр, жылбысқы қар түседі деп болжануда. Сондай-ақ, көктайғақ болуы ықтимал, – Айгерім Болатбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<