2021 жылдан бастап зейнетақы 7%-ке, жәрдемақы 5%-ке өсті. Осы өзгерістерге сәйкес Қызылорда облысы бойынша қаңтар айында 346 697 төлем алушыларға 13 млрд теңге көлемінде зейнетақы мен жәрдемақы төленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев баяндады.
Соның ішінде 75 803 зейнет жасына жеткендер, 23 223 мүмкіндігі шектеулі жандар, 28 119 көпбалалы отбасылар болса, 16 642 Алтын, күміс алқа иегерлері, 9 182 азамат арнайы жәрдемақы алған.
Жалпы, 2020 жылы облыс бойынша 373 481 төлем алушыға 154 млрд теңге көлемінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай кезеңінде айлық табысынан айрылған 531 645 азаматқа 42 500 теңге әлеуметтік төлемі аударылып, COVID-19 инфекциясын жұқтырып, вирустық пневониямен ауырған денсаулық сақтау ұйымдарының 551 қызметкеріне біржолғы жәрдемақы төленді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<