Қаңтардағы ҰБТ: 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады

871

0

Фото: time.kz

Қаңтардағы ҰБТ-да 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады. Бұл туралы «ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«2023 жылы 123 мыңға жуық үміткер қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Түлектердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады», – деді Емелбаев.

Ол атағандай, ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139.

«Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы 15-тен 20-ға ауысты, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат. Тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациясы – «Математика-Физика» (19%). Тапсырушылардың 18%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаса, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 10%-ы тапсырған», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<