Фото: ашық дереккөз
Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің жариялаған ескертуіне байланысты 5-7 наурыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін», – делінген хабарламада.
ТЖД тұрғындарды қар басқан беткейлерге шығудан, тауларға барудан бас тартуға шақырды.





