Қара жамылған Қарағанды

416

0

Сурет ашық дереккөз

Қалың қазақтың қабырғасын қақыратқан қайғы болды. Есі дұрыс елдің дүрсілдеген жүрегін, қолқа-бауырын осып өтіп, есеңгіретіп тастаған көріністі көрдік һәм сезіндік.

Өтпейтін пышақпен теріңді сыпырғандай етіп қидалаған 30 жылғы өтіріктің бұ да болса бір көрінісі.

Сансыз реформаның, жолдаудың, мән-мағынасыз стратегиялық бағдарламалардың бос сандырақ екенінің толық айғағы, нәтижесінің бірі осындай елдегі жиі қайталанатын көріністер екенін сезіндім. Сан мың жыл бойы басын бәйгеге тіккен, отарлаушы елдің өкшесінде езілген, атылған, асылған, еңіреген қазақ деген халықтың аузынан жырып, келімсектердің көшіне кен тиескен президент пен соның айналасындағы елдің ең жоғары дәрежелі жемқор басшыларынан бастап, халықтың болашағын жырып, жымқырып, ұланғайыр даланың тоқымдай жұртын асырай алмаған найсаптарға екі дүниеде де лағынет болсын!Не дейміз, Қарағанды – қалың қазақтың жұлын-жүйкесі іспетті. Жұлынымыз үзілгендей күйдеміз. Кеншілердің артының қайырын берсін.

Бейбіт күнде батырларымыздың жер астында қалуы үлкен қасірет болды.Кенге жауапты тұлғалардың барлығы дерлік жауапқа тартылсын! Жазасыз қалмасын!Марқұмдарды Алла алдарынан жарылқасын.

Есет ТАБЫНБАЕВ

Қазалы аудандық

«Қазалы» газетінің бас редакторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<