Қарағандыда жер үйде жарылыс болып, үйінді астынан екі адам шығарылды

1583

0

Фото: ТЖМ

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. 

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. 

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 

24 адам және 6 техника жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<