Президент тапсырмасымен елде 9 су қоймасы салынады. Қызылордада Қараөзек су қоймасын салып аяқтасақ 5,4 мың гектар суармалы жерді, 3,3 мың гектар көлді, 120,8 мың гектар шабындықтар мен жайылымдарды сумен қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі таңда жобаның жобалау сметалық құжаттамасы мемсараптаманың қарауында. Оң қорытынды алынса, құрылыс жұмыстары басталады. Мәселеге қатысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров облыс әкімінің баспасөз қызметіне пікір білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<