Арал аудандық №1 қалалық кітапханада балдәурен күндерімізден оқыған балшырынды дүниелері есімізден кетпейтін есіл қаламгер Қази Данабаевтың туғанына 70 жыл толуына орай іс-шара өтті. Жиында халыққа жазуымен ғана емес, нақты ісімен де көмегін тигізе білген ардақты азаматтың «Сағыныш екен бала кез» атты кітабы талданды.
Кітаптан жерлесіміз Қази Данабаевтың өзінің туған жері Қарақұм қойнауындағы ирек-ирек құмдардың арсындағы балалық кездің балғын шақтарын ұлтқа деген сүйіспеншілік, әділдік, батылдық, өткірлік секілді қасиеттерді көруге болады.
Шығармашылықта өзіндік дара қолтаңбасын қалдырған Қази Данабаевтың өмірін өздеріне серік еткен жазушы Ерғали Абдулла мен Арал аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш оқырмандарымыз өз пікірін білдірді.
Айгүл Жайлыбайқызы,
Арал қалалық №1 кітапхана меңгерушісі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<