Қармақшы ауданының тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығына негізделген.
Осы жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд. 899,5 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.
Биыл 26 813 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде күріш көлемі 13 770 гектар.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/07/sw-1-1024x681.jpg)
Биылғы вегетациялық кезеңге бөлінген су лимитіне және дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес күріш өткен жылмен салыстырғанда 997 гектарға артық егілді. Әртараптандыру дақылдары 2340 гектарға орналастырылды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/07/sw-uenemdew-1024x681.jpg)
Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бағын егіп, 85 пайызы шыққан. Сондай-ақ, аталған шаруашылық жабынды астында егу әдісімен 2 гектар жерге қарбыз екті. Өнім тамыз айында жиналады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<