Қармақшыда киелі мекен апталығы аясында жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді

414

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында ауданның барлық аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен саябақтарға, кесенелер мен қорымдарға санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Президент тапсырмасымен бастау алған игі іс-шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар ардагерлермен бірге үш жүзге пір болған Марал Ишан кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштап, кесене аумағына ағаш отырғызып, күл қоқыстар мен қажетсіз заттардан тазартты. Марал ишан кесенесіне өткен жылы демеушілік есебінен су ұңғымасы (скважина) қазылып, аяқ су мәселесі толық шешіліп отыр.

Шара барысында аудан басшысы әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты екенін атап өтіп, жиналған жұртшылыққа Мемлекет басшысының бастамасын бірауыздан қолдай отыра, туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тауып, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<