Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері Қармақшы ауданында 36 өндірістік шағын жоба іске асырылды.
Атап айтсақ, 11 тігін цехы, 2 шағын наубайхана, 5 кондитерлік цех, жылыжай, алма бағы, бал шығару жобасы, 2 пластик шығару цехы, 4 жихаз шығару цехы, 1 күріш ақтау цехы, 2 құс шаруашылығы (жұмыртқа өндірісі) байланысты жоба, жалюзи шығару цехы, 3 жоба құрылыс материалдарын шығару саласында, 2 жем шығару цехы жұмысын бастады.
Мұның ішінде Дауылкөл ауылдық округінде «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын макарон цехын іске қосты. Сонымен қатар, кәсіпорын жем шығару және құрылыс материалдарын (рубироид-қара қағаз, сетка рабица) өндіру цехтарын іске қосуға дайындық үстінде.
Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастамасымен газоблоктар шығару цехы және жеке кәсіпкерлер тарапынан құрылыс материалдар (шеге, тікен сым, сетка рабица) өндіру цехтары іске қосылды.
Жосалы кентінен жеке кәсіпкер бастамасымен орталық мал базарының құрылысы іске асырылады.
Бұл жобалар «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында іске асырылуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<