Қармақшыда ұлттық киімдер шеруі өтті

157

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін «Наурызнама» тұжырымдамасының онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киімдер күніне орай аудандық орталық алаңда ұлттық киімдер шеруі өтті.

Мерекелік шарада халқымыздың ұлттық киім үлгілері насихатталып, сән-салтанаты жарасқан ерекше көрініске айналды. Шеруді аудан өнерпаздары әсем әнмен ашып, кішкентай биші бүлдіршіндер ұлттық биімен әрледі. Олардың ізін ала кимешек киген әжелер мен шапан жамылған ақсақалдар жүрсе, ұлттық киімдегі қыз-жігіттер қазақтың бай мұрасын паш етті.

Қармақшыда ұлттық киімдер шеруі өтті
Фото: Қармақшы аудан әкімдігі

Бұл мерекелік шеру ата-бабамыздан қалған рухани мұраны жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Ұлттық киімдер күніне арналған шара аудан тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырып, ұлттық дәстүрге деген құрметін арттыра түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<