Жосалы кентінде жеке кәсіпкер Азамат Шоңғараев автокөліктердің майын ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын атқаратын және қосалқы бөлшектерін сататын орталық ашты. Нысанның ашылу рәсіміне Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев және сала басшылары мен аудан ардагерлері қатыстып, кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
– Бүгінгі күні орта және шағын кәсіпкерлік мемлекеттің негізгі табысын құраушы салаға айналуда. Сондықтан кәсіп бастаймын дегенге мемлекет тарапынан қолдау басым. «Бизнес-Бастау», «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның игілігін көрген Азамат Шоңғараевта халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы кәсібін бастады. Ауданда жарқын бастамалар көптеп жүзеге асып жатыр, – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<