Қармақшылықтар амал мерекесін атап өтті

421

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдасы әзірленді. 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды.

Осыған сәйкес бүгін аудандық жыраулар үйі алаңында 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі» аталып өтілді. Қыстың соңғы тоқсаны шығып, жылылық лебін алып келетін мерекеде жиылған жұрт бір-біріне ыстық ықыластарын білдірді. Тағылымды іс-шараға арнайы қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы мерекемен құттықтап,

Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті. Іс-шараға келген қонақтарға ақ дастарханнан шұбат, ыстық бауырсақ пен басқа да қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, мерекелік іс-шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Сонымен қатар, III Интернационал ауылдық округінде де түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен Амал мерекесі аталып өтіп, ұлтаралық достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.

23 наурызға дейін Наурызнама онкүндігіне сәйкес түрлі бағыттағы ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<