Қай кезде де табиғи газдың берілуі экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың маңызды бөлігі болып саналады. Қазіргі таңда Қармақшы ауданында атқарылып жатқан басты жұмыстардың бірі әрі жаңалығы – бұл аудан орталығы Жосалы кентінің көгілдір газға қосылуы дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай.
Аудан басшысының айтуынша, қазір Жосалы кентінде табиғи газды әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге орнатып, құрып беруде 7 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, олардың арасында тұрғындарға қолайлы болу үшін несиеге бөліп төлеу жолдарын қарастырғандары да кездеседі.
Бүгінгі күнге дейін Жосалы кентіндегі 4360 тұрғын үйдің газ желісін қосуға 1266 өтінім тапсырып , 864 тұрғын үй табиғи газге қосылған. Айта кету керек, күніне 20 тұрғын үйге көгілдір отын қосылуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<