Сарапшылар жастықты ұзартуға немесе қартаюдың әсерін азайтуға көмектесетін он өнімді атады.
Жастықты ұзартатын негізгі өнімдердің бірі – грек жаңғағы. Құрамында полиқанықпаған майлар мен омега-3 қышқылдары көп болғандықтан, холестеринді реттейді және жүрек ауруының пайда болу қаупін азайтады.
Лосось та пайдалы өнімдер қатарында – ол омега-3 қышқылдары мен ақуыздарға бай. Бұл балық артерияларда холестериннің жиналуына жол бермейді, жүрек соғу жылдамдығын сақтайды және теріні қартаюдың әртүрлі белгілерінен, мысалы, қара дақтар, әжімдер, қоңыр дақтардан қорғайды.
Үздік үштікте көкжидек бар. Аталған жеміс жасқа байланысты жад пен қозғалыс функциясының бұзылуынан қорғайтын күшті антиоксидант.
Шпинат ақыл-ойдың бұзылуын, көру қабілетінің төмендеуін және сүйектің деградациясын төмендетеді.
Сонымен қатар, қартаюдан сақтайтын өнімдерге көк шай, брокколи, зәйтүн майы, ащы шоколад, қызанақ және қызыл қоңыр бұрышы жатады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<