Қарттарға құрмет көрсетті

449

0

Бейбіт заманда қамсыз өмір сүріп жатқанымыз – ардагерлердің арқасы. Ұлы Отан соғысы жылдары ел үшін, ұрпақ үшін жан аямаған қарттарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев мереке қарсаңында ардагерлермен кездесті.

– Біз – қай заманда да қартын құрмет тұтқан халықтың ұрпағымыз. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз – кейінгіге үлгі-өнеге. Еңбек адамы елеусіз қалмайды. Ел ықыласына бөленіп, қазыналы қартқа айналдыңыздар. Адам баласының аласармас биігі осы деп білемін. Мереке құтты болсын! – деді ол.

Кездесуде тыл ардагері Байсерке Райымқұлов пен еңбек ардагері Қайып Сүлейменовке Қызылорда облысының Құрметті ардагері төсбелгісін табыстады.

Байсерке Райымқұлов ұзақ жыл денсаулық сақтау саласында еңбек еткен. Жұбайы Орынша Кемелбекова екеуі – 7 баладан 10 немере, 11 шөбере сүйіп, ұрпақ қызығына кенеліп отырған шуақты шаңырақтың басшысы.

Қайып Сүлейменов – өмірін еңбекпен өрнектеген ардагер. 1937 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Ол адамды мұратына жеткізетін адалдық екенін айтады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<