Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда аудиттің мәні мен маңызы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.
Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оның ішінде шоғырландырылған және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.
Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес ведомство және оның аумақтық бөлімшелері қаржылық есептілік аудиті мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау мемлекеттік аудитін жүзеге асырады.
Қаржылық есептілік аудиті «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарттары, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары», «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа және ұсынылған құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Аудиторлық есеп – мемлекеттік аудит жүргізген тікелей мемлекеттік аудиторлар жасаған қаржылық есептілік аудитін жүргізу нәтижесі.
Онда жоғары деңгейлі сенімділік және аудит барысында алынған дәлелдемелерді негізге ала отырып, қаржылық есептілік бойынша нақты білдірілген пікір болуға тиіс.
Азамат РАҚЫМ,
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бөлім басшысы,
мемлекеттік аудитор





