Қаржы жағдайына баға беріледі

7

0

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есеп­тілік аудиті бөлімі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында «Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қаржылық есептілік аудитінің мәні мен маңызы, негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.

Департамент бюджеттік бағдар­ла­ма­лар әкімшілерінің қаржылық есепті­лігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.

Қаржы жағдайы, қаржы жағдайын­дағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты. Мемлекеттік ме­кеменің бухгалтерлік есепті жүргізу жә­не қаржылық есептілігін жасау үшін нұсқаулық құжаттармен бюджеттік бағ­дарламалардың әкімшілері қамтамасыз етеді.

Ведомство және оның аумақтық бө­лімшелері қаржылық есептілік аудиті мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, не­гізділігін бағалайды.

Аудиторлық есеп – тікелей мемле­кеттік аудиторлар жасаған қаржылық есептілік нәтижесі. Есепте жоғары дең­гейлі сенім және аудит барысында алынған дәлелдемелерді негізге ала отырып, нақты пікір білдіруге тиіс.

Ақтоты МАХАМБЕТЖАНОВА,

облыс бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы