Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаржыларының мақсатты жұмсалуы мен атқарылуын қадағалап отырады. Осыған сәйкес, былтыр «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 599 305 қаржылық құжат қабылданған. Сәйкесінше, оның 589 508-і өңделсе, 9 797 құжат кері қайтарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді.
– Қазынашылық департаменті облыс көлемінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобалары бойынша жасалатын келісім шарттарды тіркеу жұмыстарын атқарады. Аталған жоба бойынша 2017-2023 жылдар аралығында барлығы 14 821 643,3 мың теңгеге 60 жобаның келісім шарты тіркелген. Төлемдер бойынша тоқсандық, жылдық есептер уақытылы жүргізіліп келеді. 2023 жылы біздің департамент 829 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетті. Ал бюджет кірісіне 975 млн 159 485,3 мың теңге түсім түскен. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша департаменттің кіріс-шығыс құжат айналымы 16 984 құжатты құрады. Сондай-ақ, 2023 жылы департаментке жеке және заңды тұлғалардан 35 өтініш келіп түсіп, тиісті жауаптар берілді, – деді Әуезбек Сейткамалұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<