Қашықтан оқытудың артықшылығы қандай?

1570

0

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар қолданылуда. Оның қолдану аясындағы әдіс-тәсілі де уақыт талабына сай өзгеруде. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқаны баршаға мәлім. Бір ерекшелігі ақпараттық технологияны жүзеге асыру арқылы ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға мүмкіндігі зор.

Білім беру жүйесінде оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді әдістердің бірі –қашықтан оқыту әдісі. Білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып отыр. Олай болса, қашықтықтан оқыту деген не? Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, артықшылығы қандай? деген сауал төңірегінде жауап іздеп көрелік.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың алыстан, арақашықтықтан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды арқылы жүзеге асырылатын оқытудың формасы. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» кезінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары ұстазбен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. Қашықтықтан оқыту мақсаты:сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және бейнежазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.Бұл оқыту құралының тиімділігі, оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады.

Білімнің көзіоқулықта екенін бәріміз білеміз. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мәселен оқушылар өздеріне керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу сияқты жұмыстарды қашықтан оқыту арқылы орындай алады.Сонымен қатар электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді.Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі. Олай болса, қашықтықтан оқытудың оқытудағы бірнеше артықшылығына тоқталсақ:

Артықшылығы:

  1. Кез келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Оқушылар уақытты тиімді қолдана отырып, қажетті ақпаратты ала отырып, өзгелермен тәжірибе алмауға мүмкіндігі бар.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі.

Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Оқушы әрқашан қажетті ақпаратты қайта қарауға, зерттеуге қайта орала алады. Сонымен қатар бірнеше рет бейнедәрістерді қарай алады, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи алады.

3. Кез келген жерде білім алу мүмкіндігі.

Оқушылар үйден шықпай-ақ, кезкелген жерде оқи алады. Ең бастысыинтернет желісіне қосылған құрылғылар, яғни компьютер, планшет, ноутбук, смартфон т.с.с. болуы керек.

4. Оқудың жоғары нәтижелері.

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал, білімді тәжірибеде бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.

5. Мобильділік.

Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады: online және offline. Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.

Қашықтан оқыту технологиясы оқушыларға оқуды мектепке бармай-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Мектеп әкімшілігі тарапынан онлайн форматтағы сабақтар, интерактивті дербес тапсырмалар және қосымша әдебиеттер тізімін, оқу­шыларды бағалау сияқты кері байланыстарды қамтамасыз ету үшін мұғалімдермен семинар-тренингтер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңдақашықтықтан оқыту аясында елімізде бірқатар: «Балапан» телеарнасы, Bilimland, Kundelik.kz, WhatsApp, Zoom платформаларының көмегімен күнделікті сабақтар жүргізіліп келді. Zoom платформасының өзі сабақта оқушылармен түрлі жұмыс формаларын:жұптық, ұжымдық жұмыстар жасауға өте қолайлы екенін байқатты. Себебі, мұнда оқушылар арасындағы диалогтық оқыту іске асады және бірін-бірі оқытуға, өзара талқылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы мен сабаққа деген ынтасы жоғарылай түседі, екінші жағынан оқушылар тақырыпты жетік меңгеруге мүмкіндік алады.

Kundelik.kz сайтының көмегімен оқушыларға ұсынылған тапсырмаларын жүктеп, қайта кері байланыс орнатуға тиімді платформалардың бірі деуге болады. Kundelik.kz мұғалім тарапынан сабаққа қатысу белсенділігін бағалауда ұтымды.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны зор деуге болады.

Гаухар Таласбаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<