Қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті

230

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

🔹Жалағаш ауданының – 85 жылдығына, 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай «Марафон – 2024» атты ұзақ қашықтыққа жүгіруден аудандық жарыс өтті.

🔹Марафонға аудан бойынша 400-ге жуық адам қатысты. Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекеніндегі «Рәміздер» аллеясынан бастап жүгірген марафоншылар кент көшелерімен жүгіріп өтіп, орталық стадион алдындағы мәре сызығына келіп тоқтады.

🔹Бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы спорттық шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысты.

🔹Жарыс нәтижесімен жүлделі І орынды Бұқарбай батыр ауылынан келген
Бекнұр Толыбайұлы жеңіп алса, ІІ орынды Бұқарбай батыр ауылынан келген қатысушы Нұржан Шаймырзаұлы иеленді. Жалағаш кентінің тұрғыны Бисембай Асқар ІІІ орын иеленді. IV-V орын иеленген қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<