Қасиетті Қадір түнінде қандай амалдар жасаған дұрыс?

1131

0

Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні болып саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Биыл мұсылман жұрты Қасиетті Қадір түнін 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні күтеді.

«Қадір» деген сөз араб тілінен «тағдыр» деген мағына береді. Сол себепті бұл түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ризық-несібесі де жазылады.

Қасиетті түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.Қадір түнінде не істеу керек?

Біріншіден, Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.

Екіншіден, Құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.

Үшіншіден, діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.

Төртіншіден, тәспі тартып, зікір салу керек.

Бесіншіден, діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.

Алтыншыдан, көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.

Жетіншіден, мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс.

Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.

Қадір түнінің намазы Құптан намазынан кейін, Үтір уәжіп намазынан соң, таң ағарғанға дейін оқуға болады. Қадір түнінің намазы 2 рәкаттан 12 рәкатқа дейін оқылады, намазда Фатиха және Қадір сүрелері оқылады.Бірінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.

Екінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.

Үшінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.

Төртінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады. Намаздан соң мына дұғаларды оқыған абзал.

1. Ықлас сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

2. Қадір сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

4. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

5. Астәғфируллуһ – 500 рет.

6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Қадір түні қай уақытқа дейін жалғасады

Қадір кеші күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап таң ататын уақытқа дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<