8 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарлмаға сілтеме жасап.
«Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады», деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<