Қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 операция жасалды

642

0

Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алған.

Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді. Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.
Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы былай деді:

«Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды», – дейді ол.

«Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды»,-делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<