«Қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып қашыңыздар»: Жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

524

0

Фото: pixabay.com

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан әйел табылды. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болады деп халықты дүрліктірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабалайды.

Жалған ақпарат таратқан келіншек анықталған. 1995 жылы туған Ж. есімді азаматшаның кінәсі дәлелденсе, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе ҚР ҚК қарастырылғандай үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып қашыңыздар» деп әлеуметтік желіде үндеу тастаған. Бұндай хабарламалар үрей, дүрбелең туғызды. Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дерек көздерден алынған ақпаратқа қана сенулеріңізді сұраймын», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Шындыққа жанаспайтын өзге де аудиожазбалардың авторларын анықтауға бағытталған іс-шаралар әлі жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше адам анықталып, қазір оларды жауапқа тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<