Қауіп қайдан демеңіз…

374

0

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түскен. Әкесінің айтуы бойынша, 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Оған Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылған.

Іздеу шаралары нәтижесінде өкінішке орай 7 тамыз күні түс мезгілінде «Үбіс» каналынан жасөспірімнің денесі табылған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Қауіп қайдан демеңіз. Қазір жаз мезгілі болғандықтан балалардың су айдындарына баруы осындай қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Сондықтан балаға бақылауды күшейту керек. Бұл ең алдымен ата-ана жауапкершілігі екенін ескеру маңызды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<