«Қауіпсіз орта – Қауіпсіз Болашақ!»

626

0

Қаржылық алаяқтықтың алдын алу, заңсыз ойынға тосқауыл қою, заңсыз ойын бизнесіне қарсы жастардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қауіпсіз орта – Қауіпсіз Болашақ» атты акция өткізді. Облыстық жастардың, ҮЕҰ-дың басын біріктірген шара «Болашақ» университетінің мәжіліс залында өтті.

Қаржы пирамидасы, заңсыз ойын бүгінгі күннің, қоғамның басты мәселесіне айналуда.

Статистикаға жүгінсек, республика бойынша 2021 жылдан бері қаржы пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттарды бұғаттау 600 мыңнан 6,5 мыңға дейін яғни 10 есеге өскен.  Осы  жылдың 8 айында  6,2 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. «Instagram» желісінде 25 пирамида бойынша 68 аккаунт анықталды. Әлеуетті салымшылардың жалпы саны 80,7 мыңнан асады.

Жыл басынан бері азаматтардың 5,8 мыңға жуық өтініші қаралды. Жобаларды басқару және заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде 2022 жылы жойылған пирамидалардың саны 7-ден 29-ға дейін өсті. Биылдың өзінде  26 «алаяқтық»жобаның әрекетінетосқауыл қойылды.

Өткен жылдың басында 30 үкім шығарылды, олар бойынша 52 адам сотталды. Әрбір жағдайда ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, орта есеппен 5-6 жыл бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдерін алды.

Шара соңы «Біз қауіпсіз болашақты қалаймыз!» деген ұран аясында, әуеге шар ұшырумен аяқталды. Бұл еркіндіктің, қауіпсіз орта қалыптастырудың және құмарсыз өмір сүрудің символы іспеттес еді. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаменті бұл бағыттағы жұмсытарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қызылорда облысы бойынша ЭТД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<