«Қауіпсіз қоғам»: Студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

589

0

Сурет: автордан

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында фракция мүшелерімен ашық кәріз құдықтарына, жаяу жүргінші жолақтарынына, балалар ойын алаңдарының қауіпсіздіктеріне мониторинг жасаса, құқық қорғау саласы өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізіп келеді.

Бүгін түсіндірме жұмыстары қаламыздағы «Болашақ» университеті, «Болашақ» жоғары колледжі және «Болашақ» медицина колледжі студенттері арасында өтті. Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ш. Амитов, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Г.Мусаева, Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімше бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтов, Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімінің тергеушісі полиция майоры М.Альсеитов және «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Ә.Баймұрза қатысты.

Шара барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жадынамалар таратылып, мәселенің өзектілігі түсіндірілді. Осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген студенттерге құқықтық кеңес берді.

«Бүгінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ауықымды шаралар жүргізілуде. Жасырары жоқ, соңғы уақытта аталған бағыттағы қылмыс саны артып кеткен. Статистикаға сүйенер болсақ, елімізде әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық кездеседі. Әрбір жетінші әйел экономикалық зорлық зомбылыққа, яғни, қаржылық қысымға ұшыраса, ал әрбір алтыншы әйел мен бала физикалық зорлық-зомбылыққа тап болады. Сондықтан да аталған бағыттағы қылмысты болдырмау, алдын алу үшін бүгінде қарқынды жұмыстар атқарылуда,» – деді Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімше бастығы полиция полковнигі Дәулет Мақсұтов.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатынын атап өтті.

«Қауіпсіз қоғам»: Студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<