Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел- профилактикалық іс-шарасы қаламызда биыл да жалғасын тапты.
25 тамыз бен 10 қыркүйек күндері аралығында осы іс-шара өткізілді.
Мақсат – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар тарапынан алғашқы уақытта жол қауіпсіздігіне немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. Осы уақытта жол жүру қауіпсіздігі ережелерін балалардың есіне тағы бір салып, олардың амандығын сақтауға полиция қызметкерлері жаппай жұмылдырылуда.
Балалардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері ұдайы бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ.
Бала жол ережесін өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді. Сондықтан, үлгілі тәртібіңіз арқылы балалардың қауіпсіздігін сақтауға өз ықпалыңызды тигізген абзал.
А.АБЖАЛИЕВА,
ювеналды полиция бөлімшесінің
аға учаскелік полиция инспекторы





