Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы

269

0

­­

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады.

Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.

Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Екінші құрылтай Түркістанда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін  Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын.

Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады. Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді. «Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады» деді Қ.Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<