Қауіпсіздік қашанда маңызды

432

0

«Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» аясында Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, № 11 өрт сөндіру бөлімі, Қызылорда газ тарату мекемесі, аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ерікті жастар тұрғын үй секторында өрттің болуына жол бермеу мақсатында профилактикалық шараларын жалғастыруда.

Аудан тұрғындарына «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Газ және электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Көмірқышқыл газы адам өміріне қауіпті», «Жағылған қоқыстарды бақылаусыз қалдырмау», «Сіріңкелер балаларға арналған ойыншық емес», «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Құрметті Жалағаш ауданының тұрғындары, өртті байқасаңыз дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<