Бүгін санитарлық, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында сала мамандарының қатысуымен қала аумағындағы ірі ойын-сауық орталықтарының жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында орталықтың сыртқы және ішкі жай-күйіне, өрт қауіпсіздігінің сақталуына, санитарлық тазалығына, ұжымның ахуалына басты мән беріліп, қызметкерлердің төтенше жағдайлар орын алған уақытта алғашқы ден қою әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, нысан аумағында санитарлық тазалық нормаларын сақтау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенділік таныту жөнінде ұсыныс берілді.
Айта кету керек, бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары бұған дейін қала аумағында орналасқан ірі сауда үйлері мен базарларда, әлеуметтік-мәдени нысандарда және кәсіпорындарда жүргізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<