Қауіпсіздікті елемеу қыруар шығынға әкеледі

217

0

Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқтан пайда болатын апат. Ол көбінесе құрғақшылықта, ерте көктемде және күзде болады. Табиғат апаты десек те, оның себебі мен салдары көп жағдайда қауіпсіздікті сақтамағаннан болады. Залалы тек орманға ғана емес, қоршаған ортаға да тиеді.

Орман-тоғайларда өрттің шығу себептерін сараптағанда негізінен  адамдардың кінәсінен екенін көреміз. Сондықтан орман-тоғайларда қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін үгіт-насихат жұмыстарын тек орман шаруашылығы мекемесі ғана емес, ауылдық округ әкімдіктері  олармен бірлесе жүргізуі тиіс.

Көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруашылық басшылары атыздарды, құрғаған қалдық шөптерді өртеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, бақылаусыз қалдырмауы керек. Әсіресе от желдің әсерімен жақын орналасқан орман қоры жерлеріне өтіп кетіп, орны толмас шығын әкелуі мүмкін. Одан жабайы жануарлар мен құстар да зардап шегеді. Өрт сөндіру оңай шаруа емес.

Қорыта келгенде, орман-тоғайларда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің  367-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 34500 теңге, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 103500 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Е. ШАЙХЫСЛАМ,

Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының

аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<