Қаза тапқандар арасында бокстан спорт шебері болған

2364

0

7 мамырда Қызылордада болған төбелес кезінде қаза тапқан үш адамның арасында қызылордалық спортшы Қуандық Жүсіп те болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуандықты бірнеше жылдан бері білетін қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, қазіргі WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы Қамшыбек Қоңқабаев әріптесі қайтыс болғанын растады.

– Иә, өкінішке қарай, күні кеше Қызылордада болған атыста қаза тапқандардың арасында Қуандық Жүсіп те болды. Онымен 2012 жылдан бері таныспыз. Бір емес, бірнеше рет бірге жаттығып, түрлі бокс лагеріне бардық. Бұлай болғаны өте өкінішті, – деді боксшы.

Қуандық Жүсіп 1995 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол бокстан Қазақстанның спорт шебері.
 
Бапкер Сейітжан Төкеновтің айтуынша, Қуандық бірнеше рет жүлделі орын алып, болашағынан үлкен үміт күтіретін спортшы болған.

– Ол бокстан түрлі халықаралық турнирлерге қатысты, бірнеше рет жүлделі орын алды. Мысалы, Шымкентте өткен Әбдісамал Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнирде Қуандық үшінші орынды иеленді. Сабырлы, намаз оқитын, үш бала тәрбиелеп отырған адам еді. Жақында қала базарларының біріне күзетші болып жұмысқа орналасқан. Бұл жағдайға қалай түскенін білмейміз. Жұрт түрлі нұсқаны айтып жүр, полиция не болғанын анықтайды деп үміттенеміз, – деп қосты ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<