Қазағым енді ешқашан жыламасын

661

0

Қайырлы қаза болсын, Ұлы Алашым,
Қайғырмай қалай ғана тұра аласың…
Қайғыдан сай-сүйегім езіліп тұр,
Қазағым енді ешқашан жыламасын.


Қайырлы қаза болсын, Қарағандым,
Біледі ел,
Жазылмастай жараландың.
Жабырқап қанжылаған жүрегімде,
Мұңы бар марқұм болған әр адамның!


Бұл хабар мұңға бөлеп ой-қырымды,
Сезіндік күрсініс пен қайғы-мұңды.
Қазанда қаза болып қимас жандар,
Жұтты ажал ел қорғайтын айбынымды.


Неліктен шахта бізде құлайды көп?
Неліктен қазақ халқы жылайды көп?
Жауабын жерден таппай қос сұрақтың,
Айтамыз мұңымызды Құдайға кеп…


Уа, Алла,
Жеңілдетші қиындықты,
Жер-жаһан күңіренген күйімді ұқты.
Митталды қарғыс атсын,
Содан қазақ,
Көрді ғой талай мәрте қиындықты.


Не жазды марқұм жандар мұң артарлық,
Сөз табу оңай да емес жұбатарлық.
Атып кеп салар едім сол Митталды,
Қолымда мылтық болса, бір атарлық!


Жылама, жанашыр жан табылады,
Президент алды қолға бақылауды.
Бір үміт, бір сенім бар бар қазақта,
Езіліп ақын-жүрек ауырады…


Тауқымет арылсын ел түндігінен,
Азатпыз,
Жасқанамыз енді кімнен!
Тұғырда тұратұғын менмұндалап,
Туымыз түспесінші енді төмен!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Сырдария аудандық

«Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<