Қазалы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV-ші сессиясы өтті

410

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV-ші сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары, мектеп, балабақша меңгерушілері, учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық еткен сессияда 3 мәселе қаралды. Ашып айтсақ, «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, Қазалы қаласындағы «Новостройка» көшесін қайта атау туралы Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров және Қазалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ринат Тілеп хабарлама жасап, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бірінші кезекте халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатындағы жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, газдандыру, басқа да өзекті мәселелерді шешу бағытында жұмыс істеліп, халық қалаулыларының айтқан ұсыныс-пікірлеріне байланысты қаржы көздерін қарастырып, бірлесіп жұмыс атқарылатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<