Қазалы ауданының әкімі жұмыс сапарымен ауылдарды аралады

616

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Ғ.Мұратбаев және Құмжиек ауылдық округтеріне барды.

Ең алдымен аудан басшысы Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылына баратын жолдың құрылысымен танысты. Жұмысқа жауапты мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесіп, жолдың сапалы болуын және уақытылы аяқталуын тапсырды.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы ауылдан жаңадан ашылған кварталда салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын көрді.
Мұндада аудан басшысы мердігер мекеме – «Универсал Строй Сервис» ЖШС мамандарына жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті.

Қазіргі таңда ауыл әкімшілігі ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Қызу шаруаның басына барған аудан әкімі жұмыстың сапасына баса назар аудару қажет екенін айтты.

Сонымен қатар округтегі саябаққа да аялдап, ауыл әкімі Абай Рыстығұлға елді мекен ішіндегі жүріп жатқан барлық жұмыстарды қатаң бақылауға алуын тілге тиек етіп, тазалық жұмыстарына да мән беру керек екенін сөз етті.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жұмыс сапары Құмжиек ауылдық округінде жалғасты. Мұнда саябақ пен ойын алаңдарының жайымен танысып, ауыл әкімі Әділхан Әбіловке тиісті жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Қазалы ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

Қазалы ауданының әкімі жұмыс сапарымен ауылдарды аралады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<