Қазалы ауданының Құрметті азаматы атанды

775

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан Нағашыбай Сахитжановты арнайы қабылдап, өткен жылы марапаттау комиссиясы және аудандық мәслихат сессиясының шешімімен берілген “Қазалы ауданының құрметті азаматы” атағын салтанатты түрде табыстады.

Мұхтар Әуесұлы азаматтың ауданда атқарған жемісті жұмыстарына тоқталып, абыройлы еңбегі үшін ризашылығын жеткізді.

Мұнан соң сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков ағамызды атағымен құттықтап, аудан үшін еткен еңбегінің еленіп отырғанын тілге тиек етті.
Басқосу соңында Нағашыбай Сахитжанов жиналғандарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Қазалы ауданының Құрметті азаматы атанды

Нағашыбай Сахитжанов – 1947 жылы өмірге келген. Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша 1964-1969 жылдары бітірген.

Еңбек жолын сол оқу орнының жолдамасымен Қазалы ауданына қарасты Партияның ХХІІ съезі атындағы совхозда машина-трактор сақтау алаңының меңгерушісі болып бастаған.

1970 жылы сол совхоздың шеберхана меңгерушісі, 1975 жылы “Өркендеу” күріш совхозына инженер-механик, 1981 жылы аудандық партия комитетінің жолдамасымен Қазалы асыл тұқымды ақ қой совхозына директор, 1989 жылы Өркендеу ауылдық советі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылы халық депутаттары Өркендеу ауылдық советінің төрағасы болған.

Ал 1994 жылы Өркендеу ауылы әкімі, 1997 жылы Өркендеу шаруа қожалығының басқарушысы, 1998 жылы аудандық көші-қон демография бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдан Өркендеу ауылдық округінің әкімі болып, 2010 жылы аталмыш қызметтен зейнеткерлікке шыққан.

Еңбегі үшін ҚР Конституциясының 10 жылдығы төсбелгісімен, Ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығы және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қазалы ауданының Құрметті азаматы атанды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<