Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында бұған дейін тасжол мүлде төселмеген көшелер бар. Соның бірі – Алпысбай Нұрпейісов атындағы көше.
Аталған жол бойында заңсыз орналасқан бақшалық жерлер мен қора-жайлар, қоршаулар ауылдың сәнін кетіріп қана қоймай, жауын-шашын кезінде көліктер мен тұрғындардың жүруіне қолайсыздық тудыратын.
Бүгінгі таңда бұл мәселе «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы шешімін тапты. Көшенің ені талапқа сай кеңейтіліп, аяқсу құбырлары ауыстырылып, электр бағаналары түзу орналастырылды. Сонымен қатар, бұрыннан жол жабыны салынбаған көшелердің негізгі қабаттары күшейтіліп, 2 қабатты асфальт төсеніші салынуда. Жаңа жол жақын арада пайдалануға беріледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<