Қазалыда «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты кездесу өтті

549

0

Фото: Қазалы ауданы

Қазалыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты кездесу өтті.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен дөңгелек үстел форматындағы өткен кездесуге аудандағы зиялы қауым өкілдері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқосуда аудан әкімі алдымен ырыс пен ынтымақтың символына айналған мейрамның маңызына тоқталып, барша аудан тұрғындарын және шараға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

– Халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының анық көрінісі болған бұл мерекенің маңызы зор. Бір мүдде, бір мақсат жолында ұйысып, ынтымағы жарасқан елдің бірлігін сақтау баршамыздың азаматтық парызымыз. Өздеріңізге белгілі еліміздің кейбір аймақтарында орын алған су тасқынына байланысты қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жан-жақты көмек көрсеттік. Бұл игі іске барша Қазалы жұртшылығы да ауызбіршілік танытып, белсене атсалысты.

Осы ретте, табиғи апат орын алған өңірлерге көмек көрсеткен барша ағайынға шынайы ризашылығымызды білдіремін, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек көрсеткен бірқатар азаматтар мен ауданымыздың дамуына лайықты үлес қосқан өзге ұлт өкілдері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасықарбай Әлімбай, өнегелі отбасының ұйытқысына айналған Қазалы ауданының құрметті азаматы Әби Бибісара, аудандық «Бірлік – Единство» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігінің төрайымы Жұма Нафиса және ерікті жас Аппаз Аянбек сөз сөйлеп, мерекеге орай ізгі лебіздерін жеткізді.

Мерекелік кездесуді қорытындылаған аудан әкімі барша азаматтарды ынтымағы жарасқан елдің бірлігі мен тұтастығы жолында аянбай еңбек етуге шақырып, барша қазалылықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<