Қазалыда облыстық сазгерлер байқауы өтті

501

0

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай «Әнім сенсің, Қазалы» атты облыстық сазгерлер байқауы өтті.

Мерейтойға орай өткізілген байқауға Қызылорда қаласымен қатар Жаңақорған, Шиелі, Арал аудандарынан 10 сазгер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, жиылғандарды Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қазалы ауданы, Лақалы ауылының тумасы, әнші Жарасхан Төлебай иеленді. Ал бірінші орынға Қызылорда қаласынан Ғайния Дауылбаева, екінші орынға Жаңақорған ауданынан Оразғали Бидашев және жүлделі үшінші орындарға Шиелі ауданынан Алмат Қалекеев пен Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылынан Жібекәлі Бектұрған ие болды.

Мұнан бөлек облыстық байқауға қатысушы барлық өнерпаздарға қаржылай сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<