Қазалыда қысқы жылу маусымына 19 мың тонна қатты отын қажет

269

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қазалы ауданында қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына қажетті қатты отынның мөлшері белгіленіп, оны ауданға жеткізу жағы қарастырылуда.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету жайы сөз болды.

– Қысқы жылу беру маусымында ауданға 19 мың тонна көмір қажет деп жоспарлап отырмыз. Ауданымызға көмір басқа облыстардан тасымалданатындықтан, өзіндік құнының жоғарылайтыны белгілі. Дегенмен біз халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсынып, тапшылықты болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Жылу беру маусымында көмірмен еш мәселе туындамауы тиіс. Бүгін тиісті сала басшыларымен бірге осы мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылау үшін кездесіп отырмыз, – деді аудан басшысы.

Басқосуда аудан басшысы көмір тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге аудан халқына қажетті қатты отынды тасымалдау жұмыстарын жеделдетіп, қоймаларға биылға жоспарланған көмір қорын тезірек жеткізу қажеттігін ескертті.

Ал аудан тұрғындары мен әлеуметтік нысандарды басқа да коммуналдық қызметтермен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жауапты сала басшыларына жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<