Биыл облыстың барлық аудан орталықтарында аймақ басшысының қолдауымен «Руханият орталығы» ғимараттарының құрылысын бастау жоспарланған болатын. Осыған сәйкес Қазалы ауданында аталған ғимараттың құрылысы басталып кетті. Қазіргі таңда ғимарат орналасатын жерді дайындау, қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл нысанда жалпы музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдар біріктіріліп, типтік үлгіде пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<