Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Marlen» сауда орталығы ашылды.
Аумағы 1500 шаршы метр болатын сауда орталығын жеке кәсіпкер Қайрат Тәжімұратов іске қосты.
Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Кәсіпкер «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жоба аясында 70 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Сауда орталығында 15 адам жұмыспен қамтылады.
Сауда орталығы екі қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатында азық-түлік супермаркеті ашылса, екінші қабатта сұлулық салон мен киім-кешек сататын 30 бутик орналасады. Сауда орталығының ашылу салтатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, туған жерде кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп жатқан азаматқа алғысын білдірді.
Қуанышты сәтте Қазалы ауданының құрметті азаматы Нұрман Талқанбаев та құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.
Мұнан соң салтанатты шараға қатысушылар сауда орталығын аралап, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<